Вашингтон Тегеранға қарсы санкцияларды қалпына келтірмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вашингтон Тегеранға қарсы санкцияларды қалпына келтірмек

21.09.2020

АҚШ Біріккен Ұлттар Ұйымының наразылығына қарамастан Иранға қарсы барлық санкцияларды қайта жандандырмақ. Мұны Құрама Штаттардың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео ескертті. Сонымен қатар Американың бас дипломаты өзге елдерді Тегеранға қарсы міндеттемелерді орындауға үндеп, бұл талапқа құлақ аспағандардың зардап шегетінін мәлімдеді. 

«Рейтердің» хабарлауынша, Вашингтон Иранның ядролық, зымырандық және өзге де қарулар бағдарламасына қатысы бар 20 шақты азаматы мен кәсіпорнына санкцияға алмақ. 

Ислам Республикасы атомдық арсеналды дамытып жатқанын жоққа шығарып, АҚШ шектеулерінің сәтсіздікке ұшырайтынына сенім білдірді.

Хасан Рухани, Иран президенті:

- Америка өзінің санкциялық істерінде жеңіліске жақындап қалды. Ол осы әрекеті үшін халықаралық қауымдастықтан жағымсыз жауап алады. Біз ешқашан АҚШ-тың қысымына көнбейміз. Иран Америка агрессиясына тойтарыс беруге дайын.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу