ШҚО-дағы 116 ауылды дамытуға 7 миллиард теңге бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-дағы 116 ауылды дамытуға 7 миллиард теңге бөлінеді

18.09.2020

Шығыс Қазақстанда алдағы екі жылда ауылдарды дамытуға 7 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл «Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасына енген 116 тірек елді мекеннің инфрақұрылымын, әлеуметтік нысандарын жөндеуге жұмсалмақ. Әсіресе, шалғай ауылдардың ауызсу құбыры тартылып, жолы жөнделмек. Сондықтан былтыр басталған бағдарламаның өңірде қалай орындалып жатқанын осы салаға жауапты басқарманың басшысы «Ауыл» халықтық демократиялық партиясының өңірдегі белсенділері алдында есеп береді. Сондай-ақ жиынға қатысқан партияның жақтастары ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мәселесін де талқылады.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу