Мемлекеттік қызметшілерді қысқарту: Қай санаттағы азаматтар жұмыстан шығарылмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызметшілерді қысқарту: Қай санаттағы азаматтар жұмыстан шығарылмайды

18.09.2020

Мемлекеттік қызметшілерді қысқарту кезінде әлеуметтік осал топтардың жұмысы сақталады. Еңбек кодексіне сәйкес, жүкті әйелдерді, үш жасқа дейін баласы бар, жалғызбасты аналарды, зейнетке шығуға 2 жылдан кем уақыт қалғандарды жұмыстан шығаруға болмайды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы мәлімдеді. Анар Жайылғанованың сөзінше, біріншіден тұрақты вакантты лауазымдар қарастырылады. Бүгінде олардың саны 8 мың. Одан бөлек 6 мың мемлекеттік қызметкер жеке секторға немесе басқа да ұйымдарға ауыспақ. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Жолдауда мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқарту жұмысын тездетуді тапсырған болатын. Нәтижесінде 2 жылда олардың саны 25 пайызға азаймақ. 

Анар Жайылғанова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:

- Мемлекеттік органдар қысқартылатын қызметшілерді еңбек органдарымен бірлесе отырып, егер де ол қысқартуға түскен болса, жұмыспен қамту бойынша шаралар қабылдайтын болады.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу