1 қазаннан бастап Өзбекстан шекараны ашатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 қазаннан бастап Өзбекстан шекараны ашатын болды

18.09.2020

Өзбекстан шекарасын толық ашу туралы шешім қабылдады. 1 қазаннан бастап көрші елге әуе, теміржол және автокөлікпен еркін кіріп-шығуға болады. Коронавирустың таралу деңгейі төмен елдерден, дәлірек айтсақ жасыл аймақтардан азаматтарды кедергісіз қабылдайды. Ал, сары және қызыл деңгейдегі елдерден келгендер үшін ПТР сынаманың қорытындысы қажет. Яғни, Қазақстаннан барған азаматтарда да сынама нәтижесі болуы шарт.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу