Мемлекеттік хатшы жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жиын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік хатшы жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жиын өткізді

17.09.2020

Жергілікті атқарушы органдар ауыл шаруашылық жерлерді тиімсіз пайдаланатындардан учаскелерді қайтарып алу бойынша енжарлық танытып отыр. Әсіресе Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай мен Маңғыстау облыстарында жұмыс шала атқарылғаны анықталған. Бұл мәселе Мемлекеттік хатшының төрағалығымен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Президент жанындағы комиссияның отырысында көтерілді. 

Қырымбек Көшербаев бейнеконференцияда министрлер мен әкімдерге осы олқылықтарға назар аударып, оларды шешудің жолдарын тез арада табуды тапсырды. Сондай-ақ онлайн отырыста «Нұрлы жер», «7-20-25», «Бақытты отбасы» сынды мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы сөз болды. Қырымбек Көшербаев үлескерлердің мәселесі, үйлердің сапасы бойынша түйткілдерді шешіп, баспанамен қамтуға бағытталған мемлекет қаражатының тиімді жұмсалуы үнемі назарда болуын жүктеді. 

Альбина Әшім 


Хабарламаларға жазылу