Коронавируспен күреске жұмсалған әр тиын сұралады. Алматының денсаулық сақтау басқармасы жауапты мамандарға кеткен шығынның есебін беріп жатыр. Бұл ақпаратты басқарма басшысы Камалжан Надыров та растады. Оның сөзінше бұл Covid-19-ға қарсы күреске бюджет қаражатының жұмсалуын бақылаумен байланысты. Жалпы басқарма штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, қызметіне қатысты ешқандай санкция қойылмады, - деді ол.
Камалжан Надыров, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- Иә, қазір COVID-19-бен күреске бөлінген қаржының шығыны есептеліп, басқармаға тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жерде қандай да бір қылмыстың істің қозғалғаны туралы мен ештеме айта алмаймын. Оны құзырлы орган мамандарынан сұрағандарыңыз дұрыс болар.
Сондай-ақ, Камалжан Надыров коронавирустың екінші толқыны бола қалған жағдайда қаланың медициналық мекемелері тас-түйін дайын екенін айтты. Шаһар бойынша 6 мыңнан аса төсек-орны бар 27 Covid-19-бен ауырған науқастарды емдеуге арналған және 250 реанимациялық клиника қарастырылған. Дәрі-дәрмек қоры да жеткілікті. Тіпті денсаулық сақтау жүйесін бүгінгі заманға бейімдеп, басқарудың жаңа жобасын әзірлепті.
Қуан Нұрақын