Таразда 3,5 млрд теңгеге салынған кешен жыл өтпей бұзылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда 3,5 млрд теңгеге салынған кешен жыл өтпей бұзылып жатыр

17.09.2020

Тараз қаласында 3,5 млрд теңгеге салынған кешен жыл өтпей бұзылып жатыр. «Шахристан» этно-мәдени кешенінің қасбеті, шығыс стилінде жасалған мозайкасы кертіліп түсіп қалған. Сағат та істен шыққан. Жердегі плиталар да босап жатыр. Елдегі ең ірі тарихи-мәдени орталық бірнеше айдың ішінде салынып біткен болатын. Ақпарат агенттіктері таратқан мәлімет бойынша, қалалық әкімдік мердігердің 5 жыл кепіл мерзімі бар, сондықтан құрылыс компаниясы олқылықты көп ұзамай түзететінін айтқан.        


Хабарламаларға жазылу