Қазақстан машина жасаушыларының VIII форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан машина жасаушыларының VIII форумы өтті

17.09.2020

Машина жасауға қажет саймандар сырттан жеткізіледі. Импорттық тауар құны 17 млрд доллар болса, соның 40 пайызы құрал-жабдық тасуға жұмсалады. Өйткені елде қара және түсті металлдарды құю зауыттары аз. Барларының технологиялары ескі. Өндіріс қуаты төмен. Бұл туралы сала мамандарының VIII форумында айтылды. Сондықтан компаниялар құралды көбіне шет елден алдырып отыр. 

Өмірсерік Ержанов, «Қазақстан машина жасау одағы» ЗТБ атқарушы директоры: 

Міне сондықтан көбі құрастыруда ғой. Жеңіл, ауыр көлік құрастырамыз. Ауыл шаруашылығына арналған техникаларды құрастырамыз. Соның мына бөлшектерін өзімізде шығаруға онша мүмкіндік болмай тұр. Бөлшектер сырттан әкелінеді. Оны істеу жағы да өзімізде күрделілеу болып тұр. 

Ал бізге жергілікті үлесті көбейту керек. Президент Жолдауында өңдеуші өнеркәсіп көлемін 1,5 есе көтеру міндетін қойды. Бұл машина жасау саласына тікелей қатысты тапсырма. Дегенмен жетістіктер де жоқ емес. Аталған сектор жаңа өнім шығаруға бет бұрыс жасады. Локоматив, жүк және жолаушылар вагоны, жүк вагонының дөңгелегі мен аккумулятор, сорап пен мұнай жабдықтарының түрлерін арттырды. 10 жылда өндіріс көлемі 25 есе өсіп, инвестиция 14 есе ұлғайды. Машина жасау саласын дамытудың 2019-2024 жылдарға арналған жол картасы бекітілді. Қазір осы бағыттағы 3 мың кәсіпорында 123 мың адам еңбек етеді. Қосымша тағы 128 жоба іске асырылып, 16 мың жұмыс орны ашылды.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу