Еліміздің 6 өңірінде қант диабетіне тегін скрининг өткізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің 6 өңірінде қант диабетіне тегін скрининг өткізіледі

17.09.2020

Бұл туралы Алматыда кардиолог, эндокринолог және отбасылық медицина саласының жетекші мамандарының қатысуымен өткен жиында айтылды. 21 қыркүйектен бастап Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Өскемен, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында тестілеу басталады. Алдымен медициналық мекемелерде тізімде тіркелген пациенттер тексеруден өтеді. Бұдан бөлек, қант диабетіне күмәнданса, тұрғындар арнайы сайт арқылы QR-код алып, зертханаларға бара алады.  

Дәмилә Нұғманова , медицина ғылымдарының докторы:

- Скрининг отбасылық дәрігерлердің, терапевтердің жолдамалары арқылы ғана жүзеге асырылады. Тек 18 жастан асқандар тексеріледі. Коронавируспен ауырғандардың көпшілігінде қант диабеті бар, сондықтан тұрғындарды барынша сақтануға шақырамыз.

Хабарламаларға жазылу