Латын әрпіне негізделген әліпбиді қабылдау асықпай келісетін шаруа. Бүгін әліпби мәселесіне арналған халықаралық семинар-кеңесте сөз алған шетелдік ғалымдар осындай пікір айтты. Мәселен, Түркия мемлекеті латын әліпбиін көшуді 1919 жылы бастап, 1925 жылы қабылдаған. «Сол себепті ұлттық негізі бар әріптеріміз жаңа әліпбиден түсіп қалмас үшін асықпау керек»,-дейді ұйымдастырушылар. Қазақ елі басқа түркітілдес мемлекеттер ішінде әліпбидегі әріптердің табиғилығын сақтап қалған бірден бір ел.
Әділбек Қаба, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тіл саясаты комитетінің төрағасы:
- Бүгінгі Президенттің қойып отырған тапсырмасы сол - жасалып жатқан латынға негізделген әліпбиімізде тілдің табиғаты сақталуы, ештеңені жоғалтпайтындай сапалы әліпби жасап шығару.
Ғабит Бөкенбай