«Қорғас ісі» бойынша Швейцариядан Қазақстанға 390 млн теңге қаражат қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қорғас ісі» бойынша Швейцариядан Қазақстанға 390 млн теңге қаражат қайтарылды

17.09.2020

Швейцариядан елге 390 млн-нан астам теңге қайтарылды. Бұл - ұйымдасқан қылмыстық топтың «Қорғас ісі» бойынша жымқырған қаржысы. Бас прокуратураның мәліметінше, бұл қаражат шетелдік компанияның Швейцариялық банктегі шотында жатқан. Ал оған 2012 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген қылмыстық топтың белді мүшесі Мағзұм Абдралиев иелік еткен. Заңсыз ақшаны қайтару жұмыстары 2 жыл бұрын басталған. Былтыр да Швейцариядан 140 млн теңге қайтарылған болатын. 

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу