Карантин тағы да жеңілдетілді. Бас санитар дәрігердің қаулысы өзгерді.
Оған сәйкес кафе мен мейрамханаларға келушілер саны 30-дан 50-ге дейін көбейеді. Ашық аспан астындағы кинотеатрлардың да жұмыс істеуіне кедергі жоқ. Тек көрермен маска тағып, ара қашықтық ұстанса болды. Тағы 50 пайыз сыйымдылықпен театрлар да ашылады. Бірақ, адам саны 50-ден аспауы керек. Нақ осындай талаппен сауда, ойын-сауық орталықтарында орналасқан қоғамдық тамақтану орындары да жұмыс істей алады. Тек ұжымдық шаралар өткізуге рұқсат жоқ.
Ал жасөспірімдер мен жеткіншектерге арналған орталықтар 15 баладан артық қабылдай алмайды. Мемлекеттік мекемелер, ұлттық компаниялар мен басқа да ұйымдарда 50 пайыз қызметкерлердің қашықтан жұмыс істегені абзал. Дегенмен, бірқатар ойын-сауық нысандарына нақтырақ айтсақ компьютер және түнгі клуб, бильярд, караоке, боулингтердің жұмыс істеуіне әлі де тыйым салынады.
Нысаналы Ығыл