Көкшетауда жалған құжат жасайтын жасырын цех анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда жалған құжат жасайтын жасырын цех анықталды

16.09.2020

Көкшетауда жалған құжат жасайтын жасырын цех анықталды. 41 жастағы тұрғын жоғары білім туралы диплом, жүргізуші куәлігін, жеке төлқұжат, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей Федерациясының көліктеріне арналған техникалық паспорттар дайындаған. Оның тұрғылықты жерін тінту барысында заңсыз әрекеттер жасаған жабдықтар табылды. Ноутбуктер, принтерлер, ламинаторлар, ұялы телефондар мен флэш-дискілер тәркіленді.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу