Польша үкіметі әуе қатынасына тиым салынған елдер тізімінен Қазақстанды алып тастады. Енді бүгіннен бастап екі ел арасында ұшақтар қатынай алады. Мұндай шешім біздің елдегі эпидахуалдың жақсаруына байланысты қабылданған. Польша әлі де 30-дан аса мемлекетпен авиақатынасты тоқтатып отыр. Олардың қатарында АҚШ, Аргентина, Испания, Катар, Кувейт, Франция сынды елдер бар.
Шерхан Жамбылұлы