Павлодарда маршруттық ГАЗель мен жеңіл көлік соғылып, 9 адам жапа шекті. Облыстық полиция департаменті өкілдерінің мәліметі бойынша, жол апаты Торговый көшесіндегі сауда үйі жанында болған. ГАЗель көлігінің 47 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Audi маркалы көлікке соғылған. Оқиға орнына 4 жедел жәрдем бригадасы келіп жеткен. 1973, 1983 жылғы ер кісілер мен бес әйелдің миы шайқалып, бас сүйегіне зақым келген. Сондай-ақ 16 және 6 жастағы балалар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Жол-көлік оқиғасына қатысты сараптама тағайындалып, тексеру басталды.
Болат Аманбаев