Француздар Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өтпек. Абай әндерін орындайтын «АлРЕЕН» квартеті фольклорлық фестиваль ұйымдастырады. Бұл жөнінде Мәдениет және спорт министрімен кездескен Ренн қаласының құрметті консулы айтты. Сондай-ақ, Жанар Төребаева шаһардағы жоғарғы оқу орындарында абайтану және қазақ мәдениеті жайлы дәріс оқылатынын хабарлады.
Ал француз жазушылары Абай шығармаларын бірнеше тілге аударып, көлемді кітап шығармақ. Ақтоты Райымқұлова Абай мұрасын танытуға белсене атсалысып, екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтқаны үшін Жанар Төребаеваға «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін табыстады.
Жанар Төребаева, Францияның Бретань өлкесі, Ренн қаласындағы ҚР құрметті консулы:
- Елімнің өркениетті елдер қатарына қосылып, бұдан әрі де жоғарылап дами бергеніне тілектеспін.
Ләйлә Дулат