Медицина мекемелері техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Әсіресе, аудандық ауруханаларға көңіл бөлініп жатыр. Олардың әрқайсысына ауа концентраторлары, өкпені жасанды желдеткіш аппараттар жеткізілген. Дәрі-дәрмек қоры мен қосымша орындар дайын. Қазір облыс көлемінде қан плазмасын жинау жұмысы жалғасуда. Иммундық плазма банкін мамандар кем дегенде 1 мың дозаға жеткізбек.
Алмагүл Әжтаева Тарбағатай аудандық ауруханасының бас дәрігері:
- Біздің аурухана екінші толқынға толықтай дайын.120 науқасты қабылдауға мүмкіншілік бар.
Ержан Жақып