Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасы екінші оқылымда қаралмақ

14.09.2020

Сенаторлар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарайтын болды. Бұл туралы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен бюро отырысында айтылды. Депутаттар жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласына қатысты заңнаманы 17 қыркүйекте болатын жалпы отырыста талқылауға келісті. Заң жобасының міндеті – жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі шаралар енгізу. Сондай-ақ, алдағы отырыста «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» мәселесі де қаралмақ. 

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу