Qazaq air ұшағы елорда әуежайына 2 мәрте оралуға мәжбүр болды. Алғашқы оқиға 11 қыркүйекте тіркелді. Әуе кемесі көкке көтерілгеннен кейін шассидің сол жақтағы негізгі тірегінің қақпасы жабылмай қалған. Келесі күні де осы ақау қайталанған. Қос жағдайда да экипаж чек-парақшаға сәйкес ұшып шыққан әуежайға қонды. Жолаушылар зардап шекпеді. Инженерлік-авиациялық қызметтің зерттеу негізінде соленоидпен жүйелі басқару қақпақшасы ауыстырылды.
Ал 13 қыркүйекте ұшақ әуежай аумағында сыналып жолаушыларсыз ұшып өтті. Қауіп жоқ болғандықтан одан әрі пайдалануға рұқсат берілді.
Нысаналы Ығыл