Елордада жүргізуші кәмелетке толмаған екі баланы қағып кетті. 73 жасар азамат шегініп келіп, тротуарда келе жатқан жаяу жүргіншілерге соғылған. Салдарынан 7 жасар қыз бала ауруханаға жеткізіліп, анасының қолында болған 1 жасар сәби алғашқы медициналық көмектен кейін үйіне жіберілді. Баланың анасы зардап шеккен жоқ. Оқиға бойынша тергеу амалдары басталды.