«Ауыл» партиясының мүшелері зиялы қауым өкілдерімен кездесті

11.09.2020

«Ұлттық құндылықтар - ұлттық дамудың негізі». Осы тақырып төңірегінде «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев бүгін Маңғыстау өңірінің зиялы қауым өкілдерімен пікір алмасты. Кездесуде жас ұрпақ тәрбиесінде ұлттық құндылықтарға баса мән беру керектігі айтылды. Бабалар салған сара жолды сақтай отырып, замана көшіне сай даму бағыттары тілге тиек етілді. Сонымен қатар бұл бағытта партияның атқаратын іс-шаралары ортаға салынды.

Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Ауыл» ХДПП төрағасы:

- Бабаларымыздан келе жатқан біздің дәстүріміздің, салтымыздың артық-кемін алып тастауымыз керек. Қазіргі заманға келмейтінін алып тастауымыз керек. Бірақ сол бұрыннан келе жатқан осы тәрбиеге қатысты, біздің болмысымызға қатысты, тегімізге қатысты, балаларымыздың мінезін қалыптастыратын нәрселердің бәрін сақтап қалуымыз керек.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу