Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады

11.09.2020

Жамбыл облысына 1370 жобаны іске асыру үшін 142 миллиард теңге бағытталды. Нәтижесінде сапалы таза ауызсумен қамту 77, газбен қамту 86 пайызға дейін артады. Бүгін Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдап, өңірдің дамуын талқылады. 

Кездесуде тұрғындарды жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше екпін берілді. Сонымен қатар Президентке Қордай ауданындағы ахуал баяндалды. Қазір онда жағдай тұрақты. Қайырымдылық қорларымен 311 миллион теңге жиналып, 41 тұрғын және 13 коммерциялық нысан қалпына келтірілді. Ал пандемиямен күреске облысқа 8,1 миллиард теңге бөлініп, дәрі-дәрмектердің екі айға жеткілікті қоры жасақталды. 

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу