Көкшетауда кәсіпкерлікті жүргізуде әкімшілік кедергілер азаймай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда кәсіпкерлікті жүргізуде әкімшілік кедергілер азаймай тұр

11.09.2020

Көкшетауда құрылыс саласында және кәсіпкерлікке жер бөлуде әкімшілік кедергілер азаймай тұр. Инвестор қала іргесінде жел электр станциясын салмақ болғанымен, жер ала алмай әуре-сарсаңға түсті. Бос жер телімі бола тұра атқарушы билік кәсіпкерді қолдауға асықпаған. Сондықтан бизнес өкілдері мәселелерін облыстық жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаментінің және кәсіпкерлер палатасының көмегімен ғана шеше алды. 

«Отау-Құрылыс» компаниясы болса, қалада 2017 жылы 9 қабатты үйді салуды қолға алады. Бастапқыда жобаны «Самұрық-Қазына» қоры қаржыландыру керек еді. Ал инженерлік-коммуникациялық желілер тартуға жергілікті билік жауапты болды. Бірақ құрылыстың кешігуіне байланысты келісімдер түгел күшін жойды. Кейін құжаттардың барлығы ретке келтірілсе де, нысанды қолданысқа беруде қиындық туындаған.

Бақытжан Әмірханов, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаментінің басқарма жетекшісі:

- Біз жергілікті атқарушы органдармен, архитектура-құрылыс басқармаларымен бірігіп, бір-екі рет кеңес өткіздік. Облыс әкімінің жанында комиссияда арнайы қаралды. Соның шешімімен құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, осы құрылыс объектісін тезірек енгізуге атсалыстық. Тұрғындардың пәтер кілтін тезірек алуына көмектестік.

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу