Халықаралық әуе рейстерінің тоқтатылуына байланысты Қазақстанда жүрген шетел азаматтарына жеңілдіктер жасалады. Яғни елде болу рұқсаттары автоматты түрде ұзартылады. Жеке куәлігінің, визасының және уақытша тұру рұқсатының мерзімі 16 наурыз бен 1 қараша аралығында аяқталса да, олар ешқандай жауапкершілікке тартылмайды. Сондай-ақ, елге визасыз кірген азаматтардың да 1 қарашаға дейін Қазақстанда болу мүмкіндіктері қарастырылып отыр.
Оңғар Алпысбайұлы