Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Президенттің Жолдауын талқылады. Жиында ассамблея төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев этномәдени бірлестіктерге бірқатар тапсырмалар жүктеді. Оның ішінде Жолдауды түсіндіруге және оны іске асыру мәселелерін талқылауға шақырды. Сондай-ақ, этномәдени бірлестіктер халықты шағын бизнеске баулу саласында жобалар әзірлеп, жүзеге асыра алатынын айтты. Бастаманы шараға қатысқан Парламент Мәжілісінің депутаттары да қолдады.
Владимир Божко, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Біздің этномәдени орталықтарымыз ел экономикасының дамуына белсене араласа алады. Ең бастысы халықтың бір-біріне деген қарым-қатынасы дұрыс болса, ауызбіршілігіміз арта түсері анық. Президенттің осы Жолдауда айтқан тапсырмаларының жүзеге асуына атсалысып, нақты ұсыныстар дайындауымыз қажет.
Қуан Нұрақын