Ауған соғысы ардагерлеріне ерекше мәртебе беру қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауған соғысы ардагерлеріне ерекше мәртебе беру қажет

10.09.2020

Қазақстан интернационалист-жауынгерлер ұйымы мен Қазақстан коммунистік партиясы осындай бастама көтерді. Олар биыл жазда қабылданған «Ардагерлер туралы» заңға тиісті өзгертулер енгізу қажет дейді. Яғни, ауған ардагерлеріне мемлекет тарапынан қолдау шараларын кеңейтуді сұрайды. Әсіресе, олардың әлеуметтік қорғалуын, баспанамен қамту, қосымша жәрдемақы беру мәселелерін қарастыру қажет. 

Қайрат Елубаев, «Ауған соғысы ардагерлері ұйымы» орталық кеңесінің мүшесі:

- Тарихи орнын қою керек. 22264 адам сол соғысқа қатысты. Оның шамасы бүгінгі күні 16-18 мыңдай адам ғана қалды. Біз өзіміздің нақты мәртебемізді беруін сұрадық. Соғыста болған азамат деген, соғысқа қатысушы деген.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу