Оралдағы инфекциялық стационар жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралдағы инфекциялық стационар жабылды

10.09.2020

5 қыркүйекте соңғы науқасы сауығып шыққан Орал қалалық инфекциялық стационары жабылды. Үш айда мұнда 2,5 мың адам ем алған. Оларға жедел әрі сапалы медициналық қызмет көрсетуде дәрігерлер уақытпен санаспай еңбек етті. Қазір көпбейінді аурухана ретінде қайтадан қалыпты жұмыс режиміне көшті.

Арман Қалибеков, қалалық көпбейінді аурухана директоры:

- 7 қыркүйектен бастап қалалық көпбейінді аурухана стационарлық медициналық көмек көрсетуді бастады. Яғни, пациенттерге жоспарлы түрде, шұғыл түрде медициналық көмек көрсетіледі.

Атыраудағы облыстық перзентханада коронавирусқа шалдыққан соңғы науқас аман-есен босанып, үйіне жіберілді. Бүгінде орталықтың провизорлық стационары бос тұр. Мұнда маусым айында қауіпті инфекцияны жұқтырған елуден астам жүкті әйел жатқан.

Рауан Диәли

Хабарламаларға жазылу