Сенаторлар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң жобасын қарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенаторлар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң жобасын қарады

10.09.2020

Курортты аймақтардағы мақсатты пайдаланылмаған жерлер ерекше қорғалатын аумақтар қатарына қайтарылады. Бүгін Сенат осы процедураны жеңілдету туралы заң жобасын қарады.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

- Құжаттың мақсаты уақыт пен бюджет қаржысын үнемдеуге бағытталған. Мәселен, жер телімі туризмді дамытуға немесе арнайы экономикалық аумақ ретінде беріліп, 1 жыл қаңырап бос тұрса, мемлекет оны кері қайтарып алады. Оған ешкім, ешқандай кедергі келтіре алмайды. Мәселен, Бурабайдан кезінде туризмді дамыту үшін 360 гектар жер бөлінген. Оның 110 гекторы қазір қаңырап бос тұр. Іле Алатауындағы Көк Жайлауда да 1002 гектар жер мақсатты пайдаланылмай тұр. Енді осы жер телімдерінің барлығы кері қайтарылады. Ал заң жобасына сәйкес оларды ерекше қорғалатын жерлердің қатарына қосу жеңіл әрі жылдам жүргізіледі. Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген заң жобасы бүгін Сенаттың бірінші оқылымында мақұлданды. Құжат толықтырылып екінші оқылымға жіберілді.

Хабарламаларға жазылу