AstraZeneca вакцинасын сынау тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

AstraZeneca вакцинасын сынау тоқтатылды

09.09.2020

Ұлыбританияның AstraZeneca компаниясы коронавирусқа қарсы вакцинасын сынауды уақытша тоқтатты. Себебі оны қабылдаған адамның «түсініксіз» ауруға шалдығуы осы екпенің жанама әсер етуі мүмкін деген мәселені тергеу қажет болып тұр. 

AstraZeneca бұл препаратты Оксфорд университетімен бірлесіп жасаған. Оны сынауға Ұлыбританияда, АҚШ-та, Бразилияда, Оңтүстік Африкада ондаған мың адам тартылды. Компания сейсенбі күні таратқан мәлімдемесінде көптен күткен вакцинаның жанама әсері туралы егжей-тегжейлі ақпарат бермеді. STAT сайтының хабарлауынша, одан науқастануы мүмкін адамдар Біріккен Корольдіктің өз аумағында кездескен.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу