Атырау облысында бірінші қыркүйекте басталған қамыс өрті бүгін өшірілді. Каспий теңізінің жағалауында тұтанған қызыл жалынның салдарынан, шамамен 300 гектарға жуық жер жанып кетті.
Жандос Темірғали, тілші:
-Бірінші қыркүйекте басталған қамыс өрті негізі кеше өшірілген еді. Алайда, қатты жел тұрып, бүгін қайта күшейді. Оқиға қаладан шамамен 28 шақырымдай жерде болды. Ол жақта жол жоқ. Ми батпақ. 30-ға жуық адам мен 5 техника теңіз жағалауындағы жаңа өрт ошағын бүгін түс ауа сағат 5-тің шамасында сөндірді. Атыраудағы тікұшақтың жөндеуде тұрғанына байланысты, 5-і күні қызыл жалынды сөндіру үшін Шымкенттен МИ-171 тікұшағы алдыртылды. Өрттің шығу себебі әлі де белгісіз. Жауаптылар тілсіз жаудың тұтануына адами факторлардың да әсері болуы мүмкін, дегенді айтады.
Жандос Темірғали