Қызмет бабын асыра пайдаланған қостанайлық шенеуніктер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызмет бабын асыра пайдаланған қостанайлық шенеуніктер ұсталды

07.09.2020

Тобыл өңірінде лауазымын асыра пайдаланды деген күдікпен Қостанай ауданы әкімдігінің бірнеше лауазымды тұлғалары қамауға алынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, күдіктілер Заречный кентіндегі серіктестік басшысынан ақша талап еткен. Атап айтқанда, ауылға газ құбырын тарту үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарының ақысына 10,8 млн теңге көлемінде қаражат аударуға заңсыз мәжбүрлеген. Күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Рүстем Болатов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл департаментінің басқарма басшысы:

- Жауапкершілік серіктестік басшысының Заречный ауылында газ құбырының ақысын 10 млн теңгеден астам қаржы беруге мәжбүрлеген. Өз қызметін асыра пайдаланғаны үшін күдіктенуде. Тергеу жұмыстары жалғасуда.

Инара Барсақбаева

Хабарламаларға жазылу