Алматыда 500 отбасыға азық-түлік таратылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 500 отбасыға азық-түлік таратылды

07.09.2020

Қайырымдылық - ізгілікті іс. Алматыда 500 отбасыға азық-түлік себеті таратылды. Дастархан жайып, көпшілікті жинап, ас берудің орнына мейірімді жандар қайырымдылық шарасын ұйымдастырған. Олар карантин талаптарын ескере отырып, тұрмысы төмен отбасылардың үйлеріне 1 айға жететін ең қажетті ас-ауқат үлестірді. Аталған акция республика көлемінде өткізіледі деп жоспарланып отыр. Қайырымдылық себеттерінің мұқтаж жандарға жетуіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдіктері жауапты.

Еркінбек Шоқай, Алматы қаласының бас имамы:

- 1 тамызда елдің анасына айналған атымтай жомарт апамыз Жамал апамыз өмірден өтті. Жамал апаның рухына бағышталған шара аясында 500 отбасыға азық-түлік пакеттерін жеткізетін боламыз. 

Жазира Оразқызы


Хабарламаларға жазылу