Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге 6 пайыз мөлшерлемемен субсидия беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге 6 пайыз мөлшерлемемен субсидия беріледі

07.09.2020

Кәсіпкерлердің алған несиелерінің жартысынан көбін мемлекет өтейтін болды. Бірақ көмек бәріне бірдей жасалмайды. Коронавирус салдарынан ісі тоқтап, банк қарызын қайтаруға қиналып жүргендерге көрсетіледі. 

Қазіргі күні банкте несиесі бар шағын және орта кәсіп иелерінің саны - 30 мың. Қолдауға олардың 40 пайыздан астамы ілігеді. Яғни, 15 пайыздық өтем сомасының 6 пайызын ғана өздері төлейді. Қалған 9 пайызын мемлекет «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында жауып бермек. Екі аптаның ішінде мұқтаж топтың мәліметтері реттеліп, жинақталады да, осы айдан бастап жаңа жеңілдетілген мөлшерлеме бекиді.  

Мәдина Әбілқасымова, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы: 

-Мұндай ауқымды қолдау бізде бірінші рет қолға алынып жатыр. Президенттің Жолдауда айтқан тапсырмасы бойынша 6 пайыздық мөлшерлемемен субсидия береміз. Осы арқылы кәсіпкерлер қол астындағы жұмысшыларға еңбекақысын уақытында төлей алады. Барлық шығындарын өтеуіне және кәсібін одан әрі дөңгелетуге мүмкіндік алады. 

Асима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу