Ақтөбеде киік ату деректері тыйылар емес. Бұл жолы Ырғыз ауданының тұрғынының үйінен 44 дана мүйіз табылған. Облыстық Полиция департаменті қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар барысында күдіктіден он екінші калибрлі аңшы мылтығы тәркіленді. Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жақсыбек Кемал