Шығыс Қазақстанның Қаратал ауылында қатты желден зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру жұмыстары басталды. Табиғи апат Зайсан ауданына қарасты елді мекенде 30-дан астам ғимаратты талқандап кеткен. Жойқын желден үйлердің шатыры, қора-жайлар, көшедегі бағандар, қоршаулар қирап қалған. Абырой болғанда, адамдар зардап шеккен жоқ. Төтенше жағдай бойынша құрылған комиссия шығынды есептеп жатыр. Ауылды қалпына келтіру жұмыстарына волонтерлар мен көрші ауыл тұрғындары белсенді қатысуда.
Серік Тілемісов, Зайсан ауданы әкімінің орынбасары:
- 34 үйге зақым келген болатын. Қазіргі таңда белсенділердің, демеушілердің, халықтың көмегімен Қаратал ауылында жөндеу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Аса қауіп төніп тұрған 10 үйде жұмыстар толығымен аяқталып, алдағы уақытта барлық үйдегі жұмысты аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз.
Берік Көшербай