Өзбекстандағы Сарыдоба су қоймасының жарылуынан тасқын астында қалған Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Бүгінде аймақта жаңадан бой көтеріп жатқан баспаналардың үштен бірінің құрылысы толық аяқталды. Жоспар бойынша барлық үй қазан айының соңына дейін салынып бітуі керек.
Мырзакент кентіндегі бірдей үлгіде салынып жатқан үйлердің жартысы Үкімет резервінен, 190-ы қоғамдық қорлардың есебінен жүргізілуде. Сондай-ақ жаңа мөлтекауданда мектеп, балабақша, медициналық амбулатория және полиция пунктінің ғимараттары да бой көтеруде. Өргебас және Фирдауси ауылдарының тұрғындары баспаналарын мемлекеттің қолдауымен өздері тұрғызып жатыр. Тиісті төлемақысын уақытылы алып, жаңа үйге кірген азаматшаның бірі - Гүлсара Ештаева.
Гүлсара Ештаева, Мақтаарал ауданының тұрғыны:
- Осындай болады деген кімнің ойында болды. Қандай жағдай болады деп абдырап қалдық.
Ғани Қалмахан