Алматыда 500-ден астам мекенжай бойынша электр желілері коммуналдық меншікке қабылданды. Оның ішінде 164 трансфарматор бар. Енді қала аумағына кейіннен қосылған елді мекен тұрғындары электр ақысын бұрынғыдай емес, екі есе арзан төлейді. Ол үшін қала азаматтарының үйінде есептегіш құрал болуы тиіс. Және бағандағы электр желілерін өздері жаңартады. Алдымен арыз жазған соң бес күннен кейін техникалық шарт аласыз. Бұл туралы Алматы қалалық энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы хабарлады.
Әсет Масабаев, Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы:
- Техникалық шартты тез орындасаңыз, АЖҚ қабылдаған құжаттардың бәрін «Алматыэнергосбыт» мекемесіне береді. Яғни, сізбен есепшот ашылады. Коммуналдық қызметті пайдалану бойынша.
Қуан Нұрақын