Ұстаздар мен дәрігерлерді не толғандырады? Дәрігер Ғабит Нұрқанұлы мен мектеп директоры Сафура Төлектегі «Apta» төрінде қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұстаздар мен дәрігерлерді не толғандырады? Дәрігер Ғабит Нұрқанұлы мен мектеп директоры Сафура Төлектегі «Apta» төрінде қонақта

06.09.2020

Күзде бюджет нақтылатыны мәлім. Сол кезде медицина қызметкерлерін ынталандыратын қосымша төлем үшін 150 миллиард теңге бөлінбек. 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе артық болады. Әйтеуір Президент солай деді. Тек өтемақы алуы тиістердің арасында әлі ала алмай жүргендері бар, сол алаңдатады. 

«Барлық негізгі дәрі-дәрмектер мен медицина бұйымдары Қазақстанда өндірілуге тиіс. Бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі» дегені, жыл соңына дейін еліміздің аймақтарында 13 жұқпалы аурулар ауруханасы салынатынын айтқаны, 2025 жылға қарай денсаулық сақтау саласына арналған 20 заманауи көпсалалы нысан пайдалануға берілетінін, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 2 көпсалалы медициналық орталық салынатынын хабарлағаны пандемия кезінде шығарылған қорытынды.   

Сонымен бірге шалғайдағы өңірлерге көлік арқылы дәрігерлік қызмет көрсету ісін қайта қалпына келтіріп, үш жыл ішінде барлық ауылдық елді мекенді фельдшерлік-акушерлік пункттермен және дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз ету міндеті қойылды.

Тағы бір айтқаны - келесі жылдың басынан мұғалімдердің еңбекақысы 25 пайызға өседі. Дәрігермен, педагогпен сұхбаттастық. Онсыз да маңызды екі саланың салмағы одан әрі артты. Кіршіксіз еместігі бұрыннан белгілі, ал соңғы жарты жылда бүкіл проблемасы бүкіл бояуымен көрінді. Кейіпкерімнің біріншісі – Нұр-Сұлтандағы теміржол ауруханасының анестизолог дәрігері Ғабит Нұрқанұлы, екіншісі - Әлихан Бөкейхан атындағы 76 орта мектептің директоры Сафура Төлектегі. Екеуі де ойын ашық білдіретін азаматтар. 

Хабарламаларға жазылу