Елімізде тұмауға қарсы екпе екі аптаға ерте басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде тұмауға қарсы екпе екі аптаға ерте басталады

04.09.2020

Биыл тұмауға қарсы екпе әдеттегіден екі апта бұрын басталады. Осылайша адамдардың маусымдық ауруға иммунитет қалыптастырып үлгеруіне мүмкіндік беріледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Коронавирустың екінші толқынына дайындық та жүргізіліп жатыр. Егер вирус маусымдық тұмаумен қатар келсе, дәрігерлердің қандай жоспары бар? 

Азамат Алдоңғар, тілші:

- Тұмауға қарсы екпе биыл 15 қыркүйекте басталады. Әдетте жаппай вакцинацияға қазанның орта кезінде қам жасалатын. Мысалы, өткен жылы 20 қазанда басталды. Вакцина саны бойынша айтарлықтай ерекшелік жоқ. 2019 жылы да 2 млн-нан астам адам қамтылған.

Бағдат Қожахметов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:

- Тұмауға қарсы екіпені 2 млн-нан астам дозасын сатып алдық. Бұл халықтың 11 пайызын қамтуға жеткілікті. 

Жаппай вакцинацияға ел бойынша 5 мыңнан астам екпе бөлмесі, 7200 дәрігер мен 15 мыңға жуық медициналық қызметкер дайын отыр. «Денсаулық сақтау саласы тұмауға да, COVID-тің қайта айналып соғуына да әзір», - дейді мамандар. Жыл соңына дейін 12 модульдік жұқпалы аурулар аурухананасының құрылысы мен өңірлерде жедел жәрдем орталықтарын қайта бейімдеу жұмыстары аяқталады. COVID-ті емдеуге 51 мың адамға орын дайын. 3300 өкпені желдету аппараты бар, қосымша 2619-ы сатып алынады Оның 1500-ы отандық. Мамандар ресейлік вакцинаны сатып алу мәселесіне қатысты да түсінік берді.

Нұрлыбек Асылбеков, ҚР Денсаулық сақтау миистрлігі комитет төрағасының орынбасары:

- Біз бұл сұрақта әлі де таңдау үстіндеміз. Басты мақсат - нәтижелі вакцинаны алып, қажетті әлеуметтік топтағы 2 млннан астам адамға екпе салу. 

Азамат Алдоңғар, тілші:

- Әзірге бірде-бір елдің вакцинаны клиникалық сынақтардың толық сатысынан өткен жоқ. Сондықтан қай елден екпе алатынымызды кесіп айту қиын деді маман. Карантин қайта жариялануы мүмкін бе? Дәрігерлердің үш түрлі сценарийі бар. Позитивті, реалистік және негативті. Оның қайсысы іске асытыны азаматтардың санитарлық-гигиеналық тәртіпті сақтануына тікелей байланысты.

Азамат Алдоңғар

Хабарламаларға жазылу