Ақмола облысы полиция қызметкерлерінің айтуынша, Степногор қаласының 1982 жылғы тұрғыны үйінде осы өсімдікті өсірумен айналысып келген.
Тәртіп сақшылары оның үйін тінту барысында екі шелекке отырғызылған қарасора тапты.
Аталған есірткі мен оны дайындауға арналған заттар тәркіленді. Ұсталған азаматтың айтуынша, ол бұл зиянды өсімдікті өзі қолдану үшін өсірген.
Бауыржан Даукенов, облыстық Есірткімен күрес басқармасының бастығы:
Осы оқиғаға байланысты ұсталған азаматқа қатысты Қылмыстық Кодекстің 262-бабы бойынша іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ