Биыл 300 миллиард, ал келер жылы 1 триллион 600 миллиард теңге қажет. Президент Жолдауындағы маңызды міндеттерді іске асыру үшін осынша қаражат жұмсалады. Бүгін Жолдаудағы тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндаған Премьер-Министрдің бірінші орынбасары қажетті қаржы бюджетте қарастырылғанын жеткізді. «Тек бірқатар құжаттарға түзету енгізіп, Парламентте мақұлдануы керек», - дейді Әлихан Смайылов. Ақша негізінен кәсіпкерлерді қолдау мен жол жөндеуге, дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысын арттыруға, сондай-ақ ауылдарды жаңғыртуға жұмсалады.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары:
- Президент тапсырмаларын орындау үшін қосымша қаржы қажет. Бірақ ол бюджетте бар. Мәселен, биыл 300 миллиард керек. Ол дәрігерлерге үстемеақы төлеуге, инфекциялық ауруханалар салып, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына компьютер сатып алу үшін қажет.
Досжан Маратұлы