Қазақстандағы коронавирус бойынша 3 қыркүйектегі жағдай - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы коронавирус бойынша 3 қыркүйектегі жағдай

03.09.2020

Өткен тәулікте коронавирустан 596 адам жазылып шықты. Сөйтіп аурудан айыққандардың жалпы саны 98 мыңға жуықтады. Бір күнде 88 адамнан COVID-19 анықталса, коронавирус белгісі бар пневмонияны жұқтырудың 571 жағдайы тіркелді. Осылайша індетке шалдыққандар саны 132 мыңнан асты. 

Жалпы, еліміздің үш өңірінде эпидахуал жақсарып келеді. Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарында өткен тәулікте індет жұқтырған бірде-бір науқас тіркелмеді. Десе де ел бойынша коронавирустық пневмонияға шалдыққандар саны азаймай тұр.  

Хабарламаларға жазылу