Мемлекет басшысына қаржы нарығының биылғы дамуы жөнінде есеп берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысына қаржы нарығының биылғы дамуы жөнінде есеп берілді

03.09.2020

Президент Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың есебін тыңдады.

Агенттік басшысы сақтандыру және бағалы қағаздар нарығын жетілдіру бойынша арнайы заңнама дайындалып жатқанын айтты. Осы арқылы халықтың зейнетақы және басқа сақтандыру қорларының жұмысына араласуы артады. Яғни, азаматтардың жинағы еселене түседі. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің құнды қағаздар нарығында қор жинауына мүмкіндік беріледі.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу