Қазірдің өзінде Жаңақала, Жәнібек, Қазталов және Бөкей Ордасы сияқты аудандардағы ауруханалардың дәрі-дәрмек, жеке қорғаныс құралдары және медициналық жабдықтармен қамтылуы тексерілді. Анықталған кейбір заңбұзушылықтарды жою бойынша нұсқамалар берілді. Сондай-ақ медициналық мекемелердің техникалық жағдайы жіті назарда. Қазіргі таңда 1 млрд теңгеге облыстың 14 ауылында амбулатория мен фельдшерлік пункттер жаңғыртылды.
Нұрдәулет Қалимоллаұлы, Жарсуат ауылының тұрғыны:
- Аудан әкімінің есептік кездесулерінде осы фельдшерлік акушерлік пунктті күрделі жөндеу мәселесі көтеріліп келді. Осы жылы шешімін тапты. Ауыл тұрғындары өте қуанышты.
Рауан Диәли