Өскемен: Коронавирустың екінші толқынына дайындық мәселелері пысықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемен: Коронавирустың екінші толқынына дайындық мәселелері пысықталды

03.09.2020

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Өскемендегі жаңа пульмонология орталығына барды. Жедел жәрдем ауруханасы негізінде жасақталған орталық заманауи медициналық құралдармен жабдықталады. Диагностикалық бөлімде мобильді рентген аппараты және компьютерлік томография қарастырылған. 

Сондай-ақ, палаталар тегіс оттегі желісімен қамтамасыз етіледі. Бұдан бөлек, орталық қарамағында ПТР зертханасының жұмысы да жоспарланған.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Әр аймақтың алдымызда келе жатқан коронавирус инфекциясының жаңа толқынына дайындығын көру біз үшін маңызды. Соның ішінде Шығыс Қазақстан облысында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқандығын айта аламын. Себебі денсаулық сақтау саласына баса назар аударылып, заманауи медициналық жабдықтар сатып алынған.

Хабарламаларға жазылу