Сөйтіп, кассадағы 1 миллион теңгені алып, тайып тұрған. Полиция қызметкерлері бұл оқиғадан соң тонауға қатысы бар күдіктілерді іздеуге кірісті. Көп ұзамай үш жас жігіт қолға түсті.
Олардың мекенжайларын тексеру барысында 800 мың теңге ақша табылды. Ұсталғандардың біреуі бұрын осы тоналған бекетте жұмыс істеген екен. Күдіктілер өз кінәларын мойындап отыр.
Асхат Ғали, Ақмола облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 179-бабы, екінші тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, үш азамат қамауға алынды. Қазіргі таңда осы үш азамат Көкшетау мен басқа қалаларда қылмыс жасауы мүмкін деген болжам тексеріліп жатыр.
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ