Тантал мен ниобий имплантаттарын жасау технологиясы әзірленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тантал мен ниобий имплантаттарын жасау технологиясы әзірленді

02.09.2020

Шығыс Қазақстанда тантал мен ниобийден медициналық импланттарды жасау технологиясы әзірленді. Травматология және ортопедия саласына аса қажет өнімді осы өңірдегі ғалымдар мен металлургиялық кәсіпорын бірлесіп шығармақ. Ғылым мен өндірісті ұштастырып, жоғарғы технологиялы жаңа өнім шығару бойынша облыстағы университет арнайы ғылыми-техникалық бағдарлама да жасаған. Осы құжатқа енген инновациялық жеті жобаның жалпы құны 5 миллиард теңгеден асады. Ірі металлургиялық кәсіпорындар орналасқан өңір жоғары технологиялы, ғылымды қажет ететін өндірістің және техникалық қызмет көрсетудің орталығы бола алады. Бұл туралы күні кеше ғана Президент Жолдауында айтылды. 

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу