Оқиға орнында ұсталған алаяқтардың қолында 700 мың теңге болған. Тіпті олар жалған 50 мың теңгені жергілікті сауда орталықтарында жаратып та үлгерген. Жалған ақшамен сауда жасаған топтың құрамында 3 адам болған.
Олардың бірі - Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, екіншісі - Жамбыл облысынан болса, енді бірі-Өзбекстан азаматшасы. Айта кететін жайт, былтыр дәл осындай қылмыстық топ Жамбыл облысында құрықталған.
Полицейлер келтірген дерек бойынша, бұл банкноттарды да сол қылмыстық топ басып шығарғаны растаған.
Нұргүл Мұқатай, Маңғыстау облысы бойынша ЭҚСЖҚД баспасөз хатшысы:
Қазір топқа қатысты ҚР ҚК 206-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Жазира ӘБІЛ