Жолдау барлық саланың қарқынды дамуына жол ашады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жолдау барлық саланың қарқынды дамуына жол ашады

01.09.2020

«Жолдауда еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуы үшін қажетті барлық мәселелер көтерілді», - дейді депутаттар. Әсіресе пандемия уақытында маңызы артқан медицина, білім беру, ІТ салаларын дамытудың жолдарына екпін берілді. Дағдарыстың кесірінен дамуы тежелген салаларға қолдау күшейеді. Депутаттардың ойынша, бұл қадамдар экономикамен қатар, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру үшін аса маңызды.

Нұртай Сабилянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Жеке тұрғын үй салам деген азаматтарға суын жеткізіп беру, оларға электр жарығын жеткізу жолдарын салып беру қарастырылатын болады. Қазіргі таңда жалпы азаматтар үй салам десе, оларға жер берілмей жатады. Жері бар болса, су жетпей жатады. 

Зәуре Аманжолова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Тағы бір айтылған мәселе - алғашқы медициналық көмектің сапасы мен жетімділігін арттыру. Ол үшін шалғай шеттегі ауылдардың барлығына фелдшерлік аккушерлік пункттерді ашу, дәрігерлік амбулатория ашу. 

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Шағын және орта бизнестің түгелімен несиелерін субсидияландыру мәселесі. Яғни, кәсіпкерлерге 6 пайызға дейін несиені арзандату деген үлкен қолдау.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу