Президент ұстаздар қауымын, мектеп оқушылары мен студенттерді Білім күнімен құттықтады! «Жаңа әлемдегі ең құнды дүние саналатын білімге жол ашатын ұстаздарға табыс тілеймін», - деп жазды Президент Twitter-де.
Мұнан бөлек Мемлекет басшысы бұл індет уақытша құбылыс екенін айтып, жуық арада білім берудің қалыпты тәртібіне оралу жолдары қарастырылып жатқанын жеткізді.